АСТАНА. ҚазАқпарат – Бокстан әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтсақ, Қазақстан боксшылары келесі қарсыластармен жекпе-жек өткізеді:
48 келі: Алуа Балқыбекова - Кей Ван Чи Вай (Сингапур);
50 келі: Назым Қызайбай - Тхи Там Нгуен (Вьетнам);
52 келі: Жазира Орақбаева - Чан Ча-Сун (Тайвань);
54 келі: Жайна Шекербекова - Аэ Жи Им (Оңтүстік Корея) / Мария дель Кармен Мадуэно (Испания);
57 келі: Карина Ибрагимова - Намуун Монхор (Моңғолия) / Валерия Арболеда (Колумбия);
60 келі: Римма Волосенко - Ситора Тұрдыбекова (Өзбекстан);
63 келі: Аида Әбікеева - Ургуя Ус (Түркия) / Ян Ченгю (Қытай);
66 келі: Надежда Рябец - Сен Суджин (Оңтүстік Корея);
70 келі: Мадина Нұршаева - Хонг Ген Чой (Оңтүстік Корея);
75 келі: Валентина Хальзова - Мариэлис Ириса (Венесуэла);
81 келі: Фариза Солтай - Лианн Будрем (Тринидад және Тобаго);
+81 келі: Ләззат Күнгейбаева - Абиола Джекман (Гайана) / Нупур (Үндістан).
Естеріңізге сала кетейік, әлемдік дода 15-26 наурыз аралығында Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтеді.
15 наурызда турнирдің ашылу салтанаты, жеребе тарту рәсімі және салмақ өлшеу шарасы ұйымдастырылады.
16-22 наурыз аралығында екі сессия бойынша боксшылар қолғап түйістіреді. Елорда уақытымен 14:30-да - күндізгі, 18.30-да кешкі сессия болады.
23 наурызда жартылай финал өтеді, ал жаңа әлем чемпиондары 25-26 наурызда анықталады.