Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны жарты миллиардтан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 2 маусымдағы жағдай бойынша әлемде COVID-19 коронавирусын 533 661 217 адамның жұқтырғаны анықталды.

Соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 511 597 адамға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Әлемде коронавирус инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 316 039 адамды құрайды, сонымен қатар бүгінде 1 382 өлім тіркелді.

«Вирустың толық емделуінің расталған жағдайлары бүгін, яғни 2 маусым 2022 жылы әлем бойынша 504 644 739 адамға жетті»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар