Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 85 мыңнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем бойынша COVID-19 коронавирусын жұқтыру жағдайының тіркелген саны 29 ақпан күні таңертеңгі жағдай бойынша 85 182 адамға жетті. Бұл туралы америкалық Джон Хопкинс университеті жанындағы Жүйелік зерттеу және инжинирнг орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат gisanddata сайтына сілтеме жасап.

Орталық сайтында жарияланған статистикаға сәйкес, COVID-19 коронавирус пневмониясынан көз жұмғандар саны 2 924 адамға жеткен. Оның 2 727-сі – Қытайда.

Ал вирустан сауыққандардың жалпы саны – 39 534 адам.


Соңғы жаңалықтар