Әлем бойынша Google, YouTube және Gmail-дың қызметінде ақау болды

None
None
САН-ФРАНЦИСКО. ҚАЗАҚПАРАТ – Google компаниясының бірнеше сервисінде ақау пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNBC сайтына сілтеме жасап.

Бұл танымал интернет-ресурстарында ақаулар мен істен шығуды зерттейтін Downdetector сайтының мәліметінде көрсетілген.

Көбіне америкалық қолданушылар шағымданған, олар сайтқа, жеке аккаунтына кіру кезінде қиындықтар болғанын жазған.

Сондай-ақ Аустралия, Жапония, Ресей, Украина және Ұлыбританияда осы қиындықтар байқалған.


Соңғы жаңалықтар