Әлем бойынша Facebook, Instagram және WhatsApp желілері істемей қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем бойынша Facebook, Instagram және WhatsApp желілерінің жұмысында ақау пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Downdetector-дың жазуынша, Facebook, Instagram және WhatsApp желілері АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Канада, Франция Германия сияқты елдерде жұмыс істемей қалған.

Қазақстандықтар да аталмыш әлеуметтік желілерді пайдалана алмай жатқаны туралы Telegram-каналдарда жазып жатыр.

«Кейбір пайдаланушылар біздің қосымшаларымыз бен өнімдерімізге қол жеткізуде қиындықтарға тап болатынын білеміз. Біз бәрін тезірек түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз және қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген Facebook-тің Twitter-дегі парақшасында. Осыған ұқсас мәлімдеме WhatsApp және Instagram беттерінде жарияланды.
Аталмыш үш әлеуметтік желі америкалық Facebook компаниясына тиесілі.

Соңғы жаңалықтар