+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

«Әлем барысының» ¼ финалында кездесетін балуандар анықталды

2018 жылғы 2 желтоқсан 16:22
Бөлісіңіз:
«Әлем барысының» ¼ финалында кездесетін балуандар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан «Әлем барысы» чемпионатында 1/4 финалға шыққан барлық 8 балуанның есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1/8 финалдық кезеңде бірінші болып боз кілемге шыққан Ресей және Әзербайжан балуандарының текетіресінде ресейлік Роман Бобиков қарсыласын санаулы секундтың ішінде алып ұрды. Сонымен бірге поляк балуаны Петр Талач ганалық Уелбек Арианы ұтса, бұдан кейін белдесуге шыққан үшінші жұп - Латвия балуаны Игорс Костинс пен тәжік Дадахан Курбоналиевтің күресі соңғы балуанның жеңісімен аяқталды.

Көпшілік күткен кездесулердің бірі ирандық балуан Жафар Пахлеванижагхаргх пен қазақ балуаны Ерсұлтан Мұзафаровтың күресі еді. Шын мықтылардың текетіресі кезінде қазақ балуаны өзінен алпыс келі артық ирандықтан айласын асырды.

Бұдан соң Мухсин Хисомиддинов (Өзбекстан) пен армян балуаны Акоб Аракелянның күресі армян балуанының жеңілісімен аяқталды. Айбек Нұғымаров болса литвалық балуанды таза жеңсе, чехиялық Лукаш Главачек пен Гурам Тушишвилидің (Грузия) белдесуінде грузиялықтың айы оңынан туды.

1/8 финалдық кезеңнің ең соңғы кездесуінде Танель Карро (Эстония) мен Айбат Сейтен шығып, тартысты белдесуде қазақ балуаны жеңіс туын желбіретті.

Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан бес балуанның екеуі - Руслан Әбдіразақов пен Нұрдәулет Жарылғапов жарыс жолынан шығып қалды.

Еске салайық, осы уақытта Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT