Әлем барысында ел намысын 5 балуан қорғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 1-2 желтоқсан күндері Тұңғыш Президент күніне орай қазақ күресінен өтетін «Әлем барысында» ел намысын қорғайтын балуандардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Әлем барысы» турнирінде ел намысын 5 балуан қорғайды.

Олар:

Айбек Нұғмаров

Бойы/Рост:  190 см

Салмағы/Вес: 145 кг

1987 ж.т.

Спорттағы жетістіктері: «Қазақстан Барысы» (2013),  «Әлем Барысы» (2017), қазақ күресінен 4 дүркін Әлем чемпионы (2010,2013,2014,2016), қазақ күресінен 4 дүркін Азия чемпионы (2008, 2009,2014,2018),  «Құрмет» орденінің иегері, Еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.  

Атап айтсақ, Руслан Әбдіразақов

Бойы/Рост:  195 см

Салмағы/Вес: 125 кг

1988 ж.т.

Спорттағы жетістіктері: «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің күміс жүлдегері (2015), қазақ күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017), қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2018)

Айбат Сейтен

Бойы/Рост:  175 см

Салмағы/Вес: 115 кг

1992 ж.т.

Спорттағы жетістіктері:  қазақ күресінен Азия чемпионы (2014), қазақ күресінен Қазақстан Кубогінің чемпионы (2016), қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2017), қазақ күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері (2018)

Ерсұлтан Музаппаров

Бойы/Рост:  178 см

Салмағы/Вес: 92 кг

1994 ж.т.

Спорттағы жетістіктері: қазақ күресінен Қазақстан Кубогінің чемпионы (2018), қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы халықаралық турнирінің жеңімпазы (2018), Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қазақ күресінен жеңімпазы (2018)

Нұрдәулет Жарылғапов

Бойы/Рост:  190 см

Салмағы/Вес: 140 кг

1996 ж.т.

Спорттағы жетістіктері:  «Жас Барыс» (2015), қазақ күресінен Қазақстан Кубогінің қола жүлдегері (2018), Халық ойындарының қазақ күресінен жеңімпазы (2018)

Соңғы жаңалықтар