«Әлем Барысына» ең салмақты, ең бойшаң және ең жас балуандар қай елден келді

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қыркүйекте Астанадағы «Барыс Аренада» көптен күткен «Alem Barysy» чемпионаты өтеді. Әлемнің 40 елінен келген балуандар күні кеше салмақтарын өлшеп, жеребе тарту арқылы өздерінің қарсыластарын анықтады. Осы ретте «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі байрақты додаға қатысушыларға қатысты қызықты деректермен бөліседі.

null
Қазақ күресінен әлемдік сайыс тұңғыш рет 2014 жылы Павлодар қаласында өткен болатын. Ал бұл жолғы чемпионат шынымен де, бұрынғыдан да өзгеше. Бұлай дейтініміз, Қазақ күресінен өтетін сайысқа бұған дейін дәл осыншама көп елдің балуандары қатысып көрген емес. Берісі Қытай мен Ресей, арғысы Африка елдері мен АҚШ, Латын Америка елдерінен боз кілемнің шаңын қаққан кіл мықтылар бас қосып отыр. Бұл әлемдік додаға 7 қазақ балуаны қатысады. Оның екеуі Қытай және Моңғолия елінің намысын қорғауға келіп отырған Есбол Жақтан мен Серік Бердімұрат болса, қалған 5 балуан, атап айтқанда, Айбек Нұғымаров, Дәурен Нұралинов, Айбат Сейтен, Ержан Шынкеев пен Еламан Ерғалиев Қазақстанның көк туын желбіретіп шығады.

Ендігі кезекте «Alem Barysy» додасындағы қызықты деректермен бөліссек. Бұл сайыстағы ең кенже балуан Түркия елінен келген екен. Оның жасы бар-жоғы 19-да. Ал жасы ең үлкен балуан Израильден келіп отыр. 1968 жылы дүниеге келген Олег Хаит жастармен күш сынасуға бел шешкен.
null 

Жарыстағы салмағы ең ауыр күрескер сонау Жаңа Зеландиядан ат терлетіп Қазақстанға жеткен. 175 келілік Чико Реремоана Пембертон күні кеше алып денесімен «Mega Silk Way» ойын-сауық кешеніндегі көрермендердің қошеметіне ие болды. Ең қызығы, Чико алғашқы кездесуді Конгодан келген салмағы ең жеңіл балуандардың қатарындағы (91 келі) Телли Фероле Ойензамен өткізетін болды. Осы тұрғыда айта кетерлігі, бұл чемпионатта салмағы ең жеңіл балуандар ирактық Хади Әли Хади және құрлық асып Камерун елінен келген Диадонна Долассем болып шықты.
null 

«Alem Barysy» додасындағы ең бойшаң балуан - ресейлік Рүстем Арсланов. Оның бойы 197 сантиметр.

Еске сала кетсек, 6 қыркүйек күні елордадағы «Mega Silk Way» сауда, ойын-сауық кешенінде «Alem barysy» додасына қатысатын балуандар арасында салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімі өткен еді. Шара барысында қазақ балуандарының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды.
null 

Соңғы жаңалықтар