«Әлем барысы»: Мақсат Исағабылов қола жүлдегер атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Әлем барысы» әлем чемпионатының қола жүлде үшін белдесуінде отандасымыз Мақсат Исағабылов өзбек палуаны Мухсин Хисамиддиновтен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, жартылай финалда қазақ палуаны Мақсат Исағабылов тағы бір отандасымыз Айбек Нұғымаровқа, ал өзбек палуаны Мухсин Хисамиддинов Ресей палуаны Роман Бобиковке есе жіберген еді.

Ал Әлем барысы атағы үшін Айбек Нұғымаров пен Ресей палуаны Роман Бобиков белдеседі.

«Әлем барысы» чемпионатының биылғы жүлде қоры 20 миллион теңге. Жеңімпаз атанған балуанға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегеріне 6 млн теңге және үшінші орын иегеріне 3 млн теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады.

Ал, «Жеңіске деген жігері үшін» атанған спортшыға 1 млн теңге беріледі. Сондай-ақ, жылдағы дәстүрге сай жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады.

Соңғы жаңалықтар