Әлем барысы: Қазақ балуаны өзінен 60 келі артық ирандықтан айласын асырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан «Әлем барысы» чемпионатында балуандар 1/8 финалында кездесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1/8 финалдық кезеңде бірінші болып боз кілемге шыққан Ресей және Әзербайжан балуандарының текетіресінде ресейлік Роман Бобиков қарсыласын санаулы секундтың ішінде алып ұрды. Сонымен бірге поляк балуаны Петр Талач ганалық Уелбек Арианы ұтты. Бұдан кейін белдесуге шыққан үшінші жұп - Латвия балуаны Игорс Костинс пен тәжік балуаны Дадахан Курбоналиевтың күресі соңғысының жеңісімен аяқталды.
Көпшілік күткен кездесулердің бірі ирандық Жафар Пахлеванижагхаргх пен қазақ балуаны Ерсұлтан Мұзафаровтың күресі еді. Айта кетерлігі, дәл осы Жафар алғашқы кезеңде тағы бір қазақ балуаны Руслан Әбдіразақовты жеңіп, үйіне қайтарған болатын. Өзінен шамамен 60 келі артық ирандықтан тайсалмаған Ерсұлтан боз кілемде барын салып, жеңісті жұлып алды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өзінің алғашқы белдесуін өткізген Айбек Нұғымаров камерундық Дидон Долассемді жеңіп, келесі айналымға өтті. Ал Нұрдәулет Жарылғапов Руслан Әбдіразақовпен бірге жарыс жолынан шығып қалды.
Еске сала кетейік, осы уақытта Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Фото:beldesu.kz
- Алматыда имамдардың аймақтық форумы өтті
- Алматы әкімдігі Жетісу ауданындағы 309 үйді заңдастыруды қолға алды
- Хоккей: «Барыс» Сочиге аттанды
- Жамбыл облысында 157 мектепте полиция инспекторы жетіспейді
-
Мәслихаттар қазақтың ұлттық салтына негізделіп құрылған – Шалатай Мырзахметов
-
Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам