«Әлем барысы» халықаралық турнирі тікелей эфирден көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 желтоқсан күні Алматыда «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай қазақ күресінен түйе палуандар арасында «Әлем барысы» турнирі өтеді.
Халықаралық палуандар жарысын «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.
IV Әлем чемпионатына 30 елден келген 33 палуан қатысады. «Әлем барысы» атағы үшін АҚШ, Австралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қырғызстан, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Жапония елдерінің және Қазақстанның атақты палуандары бақ сынайды.
Байрақты бәсекеде ел намысын Айбек Нұғымаров, Руслан Әбдіразақов, Мақсат Исағабылов және Нұрдаулет Жарылғапов қорғайды.
Чемпионаттың биылғы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаз атанған палуан 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегері 6 млн теңге, күміс белбеу, үшінші орын иегері 3 млн теңге, күміс белбеумен марапатталады. Ал, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымы бойынша 1 млн теңге табысталады.
«Qazaqstan» және «Qazsport» арналары жарысты сағат 13:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді.
- Үстел теннисінен Қазақстан чемпиондары анықталды
- Жамбылда аузымен сурет салып, кесте тоқитын ерекше қыз тұрады
- ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді
- Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр
-
«Канелоның» қулығы әшкереленіп, одан Головкинмен жекпе-жек өткізу талап етілді
-
Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам