Әлем барысы: Айбек Нұғымаров пен Еламан Ерғалиев келесі кезеңге өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың «Барыс Аренасында» қазақ күресінен «Әлем барысының» салтанатты ашылуы болып өтті. Салтанатты шараның ізін ала қазақ балуаны Дәурен Нұралинов өзбекстандық Мухсин Хисомиддиновпен боз кілемге шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әлем барысының» салтанатты ашылуында ҚР Энергетика министрі, Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті Қанат Бозымбаев және ҚР Парламент Сенатының депутаты Дархан Кәлетаев балуандарға сәттілік тіледі.

Айта кетерлігі, Қанат Бозымбаев Павлодар облысының әкімі болып тұрған тұсында қазақ күресінен тұңғыш "Әлем Барысы" өткен болатын. Федерация президенті қазақ күресінің жыл санап дамып келе жатқанын тілге тиек етті.
null

Салтанатты жиынға келген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Әлем барысы» додасын ашық деп жариялады.

Салтанатты ашылудан кейін бірден күрес басталып кетті. Өкінішке орай, алғашқы кездесуінде Дәурен Нұралинов өзбек балуанынан ұтылып қалды. Ал Польшадан келген Петор Томаш Талочпен өткен додада Айбек Нұғымаров жеңіске жетті. Бұдан кейін боз кілемге шыққан Оңтүстік Кореяның Биен Гва Ли есімді балуанын алғашқы секундтарда-ақ жамбасқа салып, таза жеңді.
null

Еске сала кетсек, Астана қаласындағы «Барыс Аренада» бүгін «Әлем барысы» додасы өтіп жатыр. Осыған дейін боз кілемге шыққан Ержан Шынкеев қарсыласын таза жеңіп, келесі айналымға жолдама алған болатын.. 

Соңғы жаңалықтар