Әлем барысы: Айбек Нұғымаров қарсыласын үш минутқа жеткізбей жеңді

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан «Әлем барысы» чемпионатында қазақстандық балуан Айбек Нұғымаров алғашқы белдесуінде қарсыласын жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айбекке қарсы күрескен камерундық Дидон Долассем өзінің оңайлықпен жеңілуге келмегенін алғашқы секундтарда-ақ байқатты. Бір-екі мәрте жамбас әдіске салып көргенімен, алып денелі Айбек алдырған жоқ. Денесі камерундықтан қарағанда ірірек, әдіске мығым Айбек ақыры 3 минутқа жеткізбей, қарсыласын жамбасқа алып ұрып, таза жеңді. Осылайша, отандасымыз келесі кезеңге шықты.

Айта кетерлігі, Қазақстан намысын қорғап жатқан бес балуанның екеуі - Руслан Әбдіразақов пен Нұрдәулет Жарылғапов жарыс жолынан шығып қалды.

Еске сала кетейік, осы уақытта Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Фото: vk.com/kazakhstanbarysykz

Соңғы жаңалықтар