+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

«Әлем барысы»: Айбек Нұғымаров  финалға шықты

2019 жылғы 2 желтоқсан 16:58
Бөлісіңіз:
«Әлем барысы»: Айбек Нұғымаров  финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Әлем барысы» әлем чемпионатының жартылай финалында екі қазақ палуаны Айбек Нұғымаров пен Мақсат Исағабылов белдесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақ күресі елордадағы бес мектептің бағдарламасына енгізіледі Елордада Қазақ күресінен VIII Әлем біріншілігі өтіп жатыр Алик Шпекбаев Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының президенті болып сайланды

Тартысты өткен белдесу барысында Айбек қарсыласы Мақсатты екі рет жартылай жеңіс әдісімен ұтып кетті. Ал Мақсаттың қола жүлде үшін таласуға мүмкіндігі бар.

Айта кетерлігі, Айбек Нұғымаров бұған дейін «Қазақстан барысы» (2013), «Әлем барысы» (2017), қазақ күресінен 4 дүркін Әлем чемпионы (2010, 2013, 2014, 2016), қазақ күресінен 4 дүркін Азия чемпионы (2008, 2009, 2014, 2018) атанған болатын. Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы бар спортшымыз «Құрмет» орденінің де иегері.

Айта кетейік, төртінші рет өтіп жатқан бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысуда.

«Әлем барысы» атануға АҚШ, Аустралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения,Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Япония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары келген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Спорт, Қазақ күресі,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT