«Әлем барысы» Айбек Нұғымаров Ашхабадта чемпион атанды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат -Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимараттағы V Азия ойындарында қазақстандық балуандар қазақ күресінен 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2013 жылғы «Қазақстан барысы» және биылғы «Әлем барысы» турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров +90 кг салмақта чемпион атанды. Отандасымыз тәжік балуаны Диловар Гуловты, түрікмен балуандары Кууат Нуреу және Назар Дурдиевты жеңіп, финалға шықты. Ақтық сында Айбек қырғызстандық Тілек Куаловтан айласын асырып, ел қоржынына алтын медаль салды.

Ал 70 кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық балуан Қасымхан Түленбай қарсылас шақ келтірмей, ақтық сында түрікмен балуанын медальдан қапы қалдырды. Сондай-ақ 90 кг салмақта ел намысын қорғаған Әділжан Ыстыбаев қола медаль жеңіп алды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақ күресі жабық кешендегі Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді. Медальдар үш салмақ санаты бойынша сарапқа салынуда. 

Соңғы жаңалықтар