«Әлем аруы» байқауында американдық Р'Бонни Габриэл жеңіске жетті

None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - «Әлем аруы» тәжі Филиппиннен шыққан американдық сұлу Р'Бонни Габриэлге бұйырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат байқаудың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Сенбі күні Жаңа Орлеанда (Луизиана штаты) өткен 71-ші халықаралық жарыстың негізгі салтанаты 14 қаңтар, сенбі күні өтті.

Вице-мисс атағы Венесуэла елінің өкіліне берілді.

Байқауда Қазақстан атынан Диана Тәшімбетова қатысуы керек еді, бірақ «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастыру комитеті қызды «Әлем аруы-2022» атағынан айырды.


Фото: AP Photo/ Gerald Herbert

Соңғы жаңалықтар