+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

«Әлем аруы» байқауы: Қазақстаннан барған 4 қатысушы жүлдемен оралды

2018 жылғы 5 сәуір 02:17
Бөлісіңіз:
«Әлем аруы» байқауы: Қазақстаннан барған 4 қатысушы жүлдемен оралды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Вьетнамда өткен «Universe Beauty» халықаралық сұлулық байқауынан семейлік 4 қыз-келіншек жеңіспен оралды. Сайысқа қатысқандардың ең кішкентайы 4 жаста болса, үлкені 50-ге аяқ басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқауда жер жүзі сұлуларының бәрі бас қосқан. Әлемнің 20 елінен жиналған 40 қыз-келіншек 2017 жылы Ресей, Түркия, Франция елдерінде өткен іріктеу кезеңдерінен үздік шыққандар. Ақтық кезеңге жолдама алғандар екі күн бойы түрлі аталымдар бойынша өнер көрсетті. Яғни, өзін таныстыру, шығармашылық және спорттық сайыс, кешкі және ұлттық киім үлгісін көрсету.

Айта кетер жайт, Семей қаласы атынан барған Айна Тогусованың модельдік агенттігінің 4 аруы қатарынан жеңімпаз болды.

17 жасар Данара Бекмұрзаева «Yong Miss Beauty», 9 жастағы Балжан Бейбітқызы «Mini Miss World Beauty», 14 жастағы Нұрдана Тоқанова «Yong Miss World Beauty» аталымы бойынша жүлде алды. Ал «Grand Prix Missis Universe Beauty» титулы 48 жастағы Дана Мұхамеджановаға бұйырды. Мамандығы бойынша заңгер, бірақ сұлулыққа жаны құмар Дана бұған дейін "Миссис Семей - 2016", "I вице-миссис Азия", "Миссис Евразия-2017" атағына ие болған.

«Біз байқауға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Дайындығымыз еш кетпеді. Және біз үшін бұл жаңа тәжірибе, жаңа достар. Байқаудан кейін біздің сұлуларға түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Солардың бірі Македонияға шақырту. Осы жылдың тамыз айында онда сұлулық фестивалі өтеді. Ал тағы 2 қыз Хошиминге кетеді. Олар әлемге әйгілі дизайнер Викт Чанг Ваугтың топтамасын ұсынады»,-деді модель мектебінің директоры Айна Тогусова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бағым Ғалымбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT