+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

«Әлем аруы-2019» байқауында көрсетілетін Қазақстан туралы видеоролик жарияланды

2019 жылғы 17 қараша 13:46
Бөлісіңіз:
«Әлем аруы-2019» байқауында көрсетілетін Қазақстан туралы видеоролик жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның туристік орындары туралы бұл шағын ролик Лондонда өтетін «Әлем аруы-2019» байқауында көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Серке Қожамқұлов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті «Мұзбалақ» Израильде «Үздік анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алды Шымкентте келер жылы халықаралық ақындар айтысы өтеді

Шағын роликте Қазақстанның атынан шығатын Мадина Батық өзінің туған елі туралы баян етеді. Қазақ жерінің ең көрікті орындарын қамтуға тырысқан бойжеткен Шымбұлақ, Шарын шатқалы, Қайыңды көлі, ежелгі Сауран қаласы мен Түркістанды, елорданы таныстырады. Роликте қазақтың ұлттық тағамдары мен ойындарына назар аударылған.

Айта кетсек, «Әлем аруы-2019» байқауы 14 желтоқсанда биыл 69-рет өтеді. Лондондағы байқауға әлемнің 125 елінен арулар өзара бақ сынасады.

Еске сала кетсек, Павлодарлық бойжеткен Мадина Батықтың «Қазақстан аруы» атанғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. «Қазақстан аруы - 2019» байқауы осы жылдың мамыр айында NOMAD City Hall сахнасында өткен еді. Қазылар алқасы еліміздің барлық өңірінен қатысқан 32 арудың тек 5-еуін супер-финалға шығарды. Олар үш тапсырманы орындады: өзін таныстыру, киім үлгісін көрсету және қысқа метражды фильм арқылы өз өңірінің туристік әлеуетін паш ету.

Ақылына көркі сай аруды қазақстандықтар SMS-пен онлайн-дауыс беру арқылы таңдады. Оның нәтижесінде биылғы байқаудың жеңімпазы 19 жастағы павлодарлық Мәдина Батық атанды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT