«Әлем аруы - 2014» атағына колумбиялық бойжеткен лайық болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Майами қаласында өткен «Әлем аруы - 2014» халықаралық сұлулық байқауында Колумбия азаматшасы Паулина Вега жеңіске жетті, деп жазады ВВС.

Осылайша, байқаудың «тәжі» 22 жастағы бойжеткенге көршілес венесуэлалық Габриэла Ислерден өтті.

Украина, Нидерланды, Ямайка және АҚШ-тан келген сұлу байқаудың ақтық кезеңіне дейін өтті.

«Ресей аруы - 2014» атағының иесі, Саратов қаласының тұрғыны Юлия Алипова байқаудың ақтық кезеңіне өте алмады.

Байқау ережелеріне сәйкес, Вега сұлу 300 мың доллар алды.

Ислер жеңіске жеткен бұл байқау өткен жылы Мәскеу қаласында өткен болатын. Ал ең алғаш рет 1951 жылы Калифорнияда өткізілді.

Соңғы жаңалықтар