Алексей Ягудин «Алматы Аренада» өнер көрсетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Алексей Ягудин 2019 жылы Универсиада өтетін Красноярск қаласын таныстыру шоуына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы Универсиаданың жабылуына Красноярск қаласынан қала басшысы Эдхем Акбулатов бастаған делегация келіп, Халықаралық студенттер спорты федерациясының жалауын қабылдап алды. Сондай-ақ, «Алматы аренада» өтіп жатқан шарада Красноярск қаласының тарихын, мәдениетін, өнерінің жарқын парақтарынан  таныстырған шоу өтті.

Мәдени шарада Алексей Ягудин жанкүйерлер үшін тосынсый жасап, арнайы өнер көрсетті. 

Соңғы жаңалықтар