Jańalyqtar
Алексей Полторанин спорттан 4 жылға шеттетілді
2020 жылғы 7 қаңтар 03:36
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) қазақстандық Алексей Полтораниннің спорттан 4 жылға шеттетілгенін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат федерацияның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 2020 жылғы 2 қаңтардағы шешіммен эстондық шаңғышылар Карела Таммъярва, Андреаса Верепалу, жаттықтырушы Мати Алаверу және қазақстандық Алексей Полторанин төрт жылға спорттан шеттетілді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, өткен жылы 27 ақпанда неміс журналисі Хайо Зеппельт Туиттерде Аустрияның Зеефельде қаласында шаңғы жарысынан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан, Аустрия мен Эстония спортшылары антидопингтік ережелерді бұзды деген күдікке ілінгенін жазды. Олардың қатарында Алексей Полторанин да бар. Спортшының бапкері аталмыш оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған еді. Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Танымал шаңғышы Бурабай маңында жол-көлік аптынан көз жұмды
- Жалғас Жұмағұлов UFC-де өткізген екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды
- Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасының келесі қарсыласы анықталды
- Хоккей: «Барыс» «Витязь» клубынан басым түсті
-
Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
-
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER