Алексей Полторанин Италиядағы әлем кубогы кезеңінде мәреге 4-ші болып келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шаңғымен жарысудан Италияның Когне қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде Алексей Полторанин жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады, деп жазады Olympic.kz.

15 шақырымға классикалық әдіспен жарысуда қазақстандық шаңғышы көш басындағы ресейлік Александр Большуновтан 1:00.8 минутқа қалып қойды.

Күміс жүлдені финляндиялық Иво Нисканен иеленсе, қола жүлде тағы бір ресейлік спортшы Александр Бессмертныхқа бұйырды.

Алексей Полторанин 19 ақпан күні Австрияның Зеефельд қаласында басталатын әлем чемпионатына дайындық үстінде. Бұл қазақстандық шаңғышының маусымдағы ең басты бәсекесі болмақ.

Әлем чемпионатына Қазақстан командасы сапынан 12 спортшы қатысады.

Соңғы жаңалықтар