Алексей Полторанин Альпі Кубогында алтыншы болып келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Словениялық Планицада шаңғы жарыстары бойынша Альпі Кубогы аяқталды. Бағдарламаның соңғы түрі еркін әдіспен 20 шақырымдық масс-старт жарысы болды. Онда Қазақстан командасының көшбасшысы Алексей Полторанин алтыншы болып келген, деп хабарлайды Olympic.kz.

Полторанин алтыншы болып келгендіктен, подиумға екінші рет шыға алмады. Бұл додада Австрия спортшысы Макс Хауке жеңіске жеткен. Екінші болып мәре сызығын польшалық Доминик Буры кесіп өтті. Үздіктер үштігіне сондай-ақ Австрияның тағы бір шаңғышысы Бернард Тритщер енген.

Бұдан бір күн бұрын қазақстандық шаңғышы классикалық жүріспен 15 шақырымдық қашықтықта сенімді түрде жеңіске жеткен еді.

Полторанин аталған Кубокқа қатысу арқылы Австриядағы әлем чемпионатына дайындық бағдарламасына кіріп отыр. Ол 20 ақпан күні басталады.

Альпі Кубогы FIS-старттар бағдарламасына кіреді.

Соңғы жаңалықтар