Алексей Луценко «Тур Алматы» жеңімпазы атағын қорғап қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Тур Алматы-2017» веложарысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгінгі кезеңнің және қорытынды нәтижелер бойынша жалпы жарыстың жеңімпаздары анықталды.

null 

Екінші кезең 160,5 километрлік тау жолы болды. Жарыс «Халық Аренадан» басталды. Велошабандоздар Алматы шығыс айналма автожолы және әл-Фараби даңғылымен Тұңғыш Президент паркіне дейін және кері бағытта бірнеше рет жүріп, артынша «Медеуге» қарай жол тартты. Жазықтықтағы жарыстарда жылдамдық өте жоғары болып, лидерлер мен пелатонның арасында үлкен үзілістер болып жатты.

null 

«Медеуге» қарай бет түзеген тұста үздіктер қара үзіп шықты. Жалпы есептің лидерлері қатарына кірген 5 спортшы: «Astana» командасының қазақстандық мүшесі Алексей Луценко, француз Реми Ди Грегорио, сондай-ақ тауға көтерілу жарыстарына маманданған спортшылардан құралған шағын топ алға озды.

null 

Олардың ішінде 2016 жылғы Олимпиаданың күміс медаль иегері, негізгі мамандығы кенші, «Astana» командасының мүшесі даниялық Якоб Фульсанг «Медеудегі» мәре сызығын 3 сағат 58 минут және 2 секунд нәтижесімен бірінші қиып өтіп, көзге түсті. 

Екінші орынды алған қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаздан 12 секунд кеш қалды.

Үшінші болып мәреге швейцариялық Колин Крис Штюсси келді. Осы кезеңнің үздік ондығына қазақстандық 4 спортшы - Евгений Гидич (6-орын), Бақтияр Қожатаев, Юрий Натаров және Матвей Никитиндер кірді. Алғашқы екеуі Pro Team  «Astana» командасының сапында өнер көрсетсе, қалған екеуі - Қазақстан құрамасының мүшесі.

null 

Қорытынды есепте бірінші кезеңдегі нәтижесіне байланысты бірінші орынды былтырғы «Тур Алматы» жеңімпазы Алексей Луценко алды.

Ерекше атап өтетін жайт, бұрынғысынша Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) аясында өтетін жарысқа 2.1 класы беріліп, ол екі күндік жарысқа айналдырылған. Жалпы есепте «Astana» командасы абсолюттік бірінші орынды иеленді.

null 

Соңғы жаңалықтар