Алексей Луценко Олимпиадада үздік отыздыққа да ене алмады

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Бүгін Токиода велоспорттан ерлер арасындағы бәсеке толық аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық Алексей Луценко жекелей сын қорытындысы бойынша 32-ші орыннан көрінді.

Ол 44,2 шақырымды 1 сағат 02 минут 21.67 секундта жүріп өтті.

Луценко жарыс жеңімпазы атанған словениялық спортшыдан 7 минут 17.48 секундқа қалып қойған.

Бұл бәсекеде словениялық Примоз Роглик чемпион атанды.

Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Том Думулин, қоланы австралиялық Рохан Деннис еншіледі.


Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
Соңғы жаңалықтар