Алексей Луценко Испаниядағы веложарыста жеңіске жетті

None
Фото: Sports.kz
МАДРИД. ҚазАқпарат – Бүгін Испания жолдарында бір күндік веложарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыста астаналық Алексей Луценко жеңімпаз атанды. Екінші орын француз Тони Галлопенге бұйырды. Үшінші орын «Астананың» тағы бір өкілі, италиялық Симоне Веласконың еншісінде.

Қалған астаналық шабандоздар жарысты келесі нәтижелермен аяқтады: Евгений Федоров – 20-шы, Нұрберген Нұрлықасым – 55-ші. Фабио Феллин, Леонардо Бассо және Хавьер Ромо мәреге жете алмады.

«Круг Гечо» Bilbao — Getxo. 193.3 шақырым

1. Алексей Луценко (Қазақстан, Астана) - 4:19:10

2. Тони Галлопен (Франция, Лидл-Трек) - +0:24

3. Симоне Веласко (Италия, Астана) - +0:33

20. Евгений Федоров (Қазақстан, Астана) - +8:04

55. Нұрберген Нұрлықасым (Қазақстан, Астана) - +15:42.


Соңғы жаңалықтар