Алексей Калайчиди жергілікті полиция қызметін реформалау стратегиясы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди қазақстандық полицияның қызметтік модельге көшу тұжырымдамасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы жергілікті полиция қызметі реформасының параметрлерін айқындап берді. Атап айтар болсам, кезең-кезеңмен қол жетімділікті қамтамасыз ету және полиция қызметінің сервистік моделін құру. Бұл модернизациядағы шешуші рөл учаскелік инспекторға жүктелді», - деді Алексей Калайчиди «Қазақстандағы құқық қорғау және сот жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел барысында.

Ол өз баяндамысында әлемдік тәжірибеде қызмет моделі қауіпсіздік мәселелерін шешуге негізделген полиция жұмысының идеологиясы ретінде қалыптасатынын атап өтті.

«Полиция қызметін ұйымдастырудың дәстүрлі және қызметтік тәсілдерінің негізгі айырмашылықтары келесідей: Дәстүрлі модельде полицияның басымдығы - қылмысқа қарсы күрес. Полицияның назары құқық бұзушыларға аударылады, ал құқықтық статистика бағалау критерийі ретінде қолданылады. Полиция негізінде азаматтар қылмыстың құрбаны болған кезде өзара әрекеттеседі. Яғни, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік проблемаларын шешу жолдарын әзірлеу процесіне тұрғындар аз қатысады», - деді ішкі істер министрінің орынбасары.

Спикердің айтуынша, полицияның қызмет көрсету моделін енгізу, халықтың полицияға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

«Біріншіден, бұл қылмыстың алдын алу саласындағы толыққанды құқықтық өріс. Алдын алудың субъектілері мен олардың құзыретін, профилактикалық жұмыстарды жүргізу құралдары мен негіздерін, сондай-ақ оған қатысты объектілерді анықтайтын заңдар қабылданды. Жергілікті полиция қызметі құрылды, оның негізін учаскелік инспекторлар (6481), патрульдік полиция (10743), ювеналды полиция (2900) және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері құрады (119)», - деді Алексей Калайчиди.

Сонымен қатар, ол қоғаммен өзара әрекеттесу негіздері қалыптасқанын атап өтті. Ішкі істер органдарының қызметі бойынша қоғамдық кеңес құрылды, ол тоқсан сайын құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелерді қарайды. Ішкі істер органдарының барлық іс-шаралары ресми сайтта және Polisia.kz порталында қамтылған.

«Азаматтар ішкі істер министрінің блогына тікелей хабарласу мүмкіндігін алды. Полицияға жүгіну процедурасын жеңілдету мақсатында азаматтар үшін 252 қабылдау бөлімі ашылды. Ай сайын «Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырлады. Әлеуметтік желілердегі жұмыс күшейтілді», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, учаскелік полиция қызметкерлерінің саны 5 890-дан 6 481 адамға дейін көбейді. Аталған қызметтің материалдық-техникалық базасы жетілдірілуде. 250-ден астам учаскелік полиция бекеттері салынды. Учаскелік инспекторлардың 70% -ы көлікпен және планшеттермен қамтамасыз етілді. 2019 жылы жалақы 25% -ға көтерілді. Алдағы үш жылда жалақы тағы 30% өседі»,- деді спикер.

Министрдің орынбасары жергілікті полиция қызметін реформалау стратегиясының ұш бағытын атады:

– Қоғамдық серіктестік.

– Қолжетімділік.

– Учаскелік полицияның рөлі.

«Әрбір бағыттың жүйелілігі мен пысықталу сапасын қамтамасыз ету үшін бұл жұмысты үш кезеңде өткізу ұсынылады. Біз әкімшілік өндіріс процестерін, модульдік полиция бекеттерін орналастыруды қолға аламыз. Біз полиция қызметінің моделін қалыптастыру үшін «пилоттық» аймақтарды анықтаймыз және типтік жобалық құжаттаманы әзірлейміз», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар