Алексей Цой жалған вакцинация құжаты жайында: Анықтадық, жолын кестік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы жалған вакцинация құжатиын жасағандар қатаң жазаға тартылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалған вакцинация құжатына қатысты айтар болсам, мұндай жайт болды. Ол алғаш рет тіркелді. Ақпаратты ала салысымен Алматы әкімдігімен байланысқа шықтым. Таңертеңнен-ақ бақылауға алып, күштік құрылымдармен жұмыс істедік, қолға түсірдік», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, әлеуметтік желідегі мұндай ақпаратқа мониторниг жасалып, жан-жақты тексеріледі.

«Егер сіздерде осындай жағдайларға қатысты ақпарат болса, онда оны қабылдауға дайынбыз. Қатаң әрекет жасайтын боламыз. Барлық медицина қызметкерлеріне бұл қылмыстық жазалатын жағдай екендігін ескерттік. Дәрігер, тіпті оның жанында болған кез келген азамат мұндай жағдайда заң бар екендігін түсінуі тиіс. Мұның барлығы да нақты дәлелденеді. Өйткені, әрбір доза ақпараттық жүйеде көрініп тұрады. Егер, мұндай жайт орын алатын болса, онда қылмыстық жазаға тартылады»,- деді Денсаулық сақтау министрі.

Соңғы жаңалықтар