Алексей Цой заманауи стандартты зертхана не үшін керектігін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырсының кулуарында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Жамбыл облысында Жамбыл облысының Қордай ауданында «BSL-4» стандартты биологиялық зертхана салу не үшін қажет екені туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір аталмыш мәселе талқыланып жатыр. Ондай зертхананың қаншалықты қажет екені зерделенеді. Қалай болғанда да зертхана толық Қазақстанның басқаруында болады», - деді министр Үкімет отырсының кулуарында.

Алексей Цой зертхана салу мәселесі оң шешімін тапса, құрылыс бюджет есебінен қаржыландырылатынын атады.

«Қанша қаражат керек екені әзірге белгісіз. Қазір бізде «BSL-3» стандартты зертхана бар. COVID-19 секілді инфекциялардың штамдары осы нысанда зерттеледі. Осындай зертханамыз бар болғанның арқасында коронавирусқа қарсы вакцинаны жылдам жасап шығарған едік. Қалыпты зертханаларда аса қауіпті штамдарды зерттеу мүмкін емес. Өйткені аса жұқпалы инфекция болғандықтан, тәуекелі жоғары. Зерттеуге қатысатын адамдардың қауіпсіздігі үшін нақты талаптары бар. Қорғаныс костюмдері, ауаны тазартып тұратын жүйе болуы шарт. Сондықтан «BSL-4» стандартты биологиялық зертхана салу мәселесі әлі талқыланып жатыр», - деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар