Алексей Цой вакцинация қарқыны төмен өңірлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірқатар өңірінде тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакциналау көрсеткіші төмен болып тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықты вакциналау жалғасуда. Шамамен 4,5 мың доза вакцина қолданылды. Оның ішінде 1-компонентпен 2 809 447 адам екпе алды. Бұл - екпе алуға кіретін халықтың 28,4 пайызын құрайды. Екінші компонентпен 1 715 750 адам қамтылды. Бүгінде екпе пунктілерінде вакцинаның жеткілікті дозасы бар: 1-компонент - 1,1 млн доза және екінші компонент - 1,4 млн доза», - деді министр.

Оның дерегінше, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында 1-компонент вакцина алғандар саны орташа республикалық көрсеткіштен төмен.

«Республика аумағында Үнді штамының таралуының анықталғандығын ескере отырып, өңірлердегі эпидемиологиялық тұрақтылықты ұстап тұру үшін жергілікті атқарушы органдар вакцинация қарқынын арттыруы және халық арасында тезірек вакцина алу қажеттігі, маска режимі, әлеуметтік арақашықтық сынды негізгі алдын алу іс-шараларын сақтау керектігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуі тиіс», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар