Алексей Цой сақтық шаралары жайлы: Халық босаңсып барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қауіпсіздік шаралары бойынша аймақ басшыларынан түсіндіру жұмыстарын күшейтуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуымен бірге халықтың сақтығы әлсіреп бара жатқанын байқап отырмыз. Маска тағу мен әлеуметтік қашықтық режимі сақтала бермейді. Осының салдары елде коронавирус жұқтырған азаматтардың санының артып, карантин шараларын күшейтуге алып келуі мүмкін. Қазір мұндай жағдайды бірқатар мемлекеттен көріп отырмыз», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, аймақтарға бұған дейін бірқатар рейд жүргізілген.

«Сол рейдтерден байқағанымыздай, карантин режимінің әлсіреуімен бірге карантин тәртібін бұзу жағдайлары 34 пайыздан 47 пайызға дейін артты. Карантин тәртібін бұзу жағдайы он өңірде байқалды. 5-27 қыркүйек аралығында маска режимін сақтамағаны үшін 1130 адам жазаланды. Осыған байланысты аймақ басшылары нысандарда маска режимінің сақталуын қадағалап, елге түсіндіру жұмыстарын күшейтсе дейміз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар