Алексей Цой Президент Іс Басқармасы медицина орталығына басшы болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Іс Басқарушысының бұйрығымен Алексей Цой ҚР Президенті Іс Басқармасының медицина орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алексей Цой Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясын бітірген. Медицина ғылымдарының докторы, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру докторы.

Ол бұған дейін дәрігер-эндоскопист, «Еуроазиялық респираторлық қоғам» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, ҚР Президенті Іс Басқармасы медицина орталығының бастығы, Астана қаласы № 1 қалалық ауруханасының бас дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, ҚР денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Сондай-ақ, бүгін Рустам Албаев ҚР Президенті Іс Басқармасының медицина орталығы ауруханасының директоры болып тағайындалды.

Рустам Албаев - Ақмола мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Медицина ғылымдарының кандидаты, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру магистрі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Ол бұрын қалалық ауруханаларда дәрігер-хирург, дәрігер-кардиохирург болып істеді, төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды.

ҚР ПІБ медицина орталығының емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру басқармасының басшысы, ҚР ПІБ Іс Басқармасының медицина мәселелері жөніндегі бас инспекторы, ҚР ПІБ медицина орталығының орталық клиникалық ауруханасының директоры қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар