USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Алексей Цой Pfizer вакцинасының бағасына қатысты жағдайды түсіндірді

2021 жылғы 8 желтоқсан 13:07
Бөлісіңіз:
Алексей Цой Pfizer вакцинасының бағасына қатысты жағдайды түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Pfizer вакцинасының бағасы жеткізу құнына байланысты болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дания Еспаева тауарларды таңбалаудан болатын кейбір проблеманы атады Сақтандыру компанияларымен дауларда кәсіпкерлерді қорғауға мән беру керек - Мәжіліс Депутат биологиялық қауіпсіздік бойынша ұлттық жүйе құрудың нақты мерзімін айқындауды сұрады

«Қазіргі кезде бұл мәселеге қатысты нақты түсінік жоқ. Тиісті есептеулер жасалғаннан кейін, сондай-ақ нақты партия елге жеткізілгеннен соң және нақты сома бар екенін көрсек, сол кезде айта аламыз», - деді А. Цой Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол әзірге аталған вакцинаның құны айқындалмағынын жеткізді.

«Вакцина құнын белгілеу кезінде екпені жеткізу құнын назарға аламыз. Алдағы 1-2 айда жеткізіледі», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомство басшысы Pfizer компаниясымен ақылы вакцинация мүмкіндігі туралы келісіліп жатқанын айтты.

Бұл вакцинаны қанша азамат алғысы келетінін анықтап алу маңызды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT