Алексей Цой Pfіzer вакцинасына қатысты: Әзірге кері әсер байқалмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде Pfіzer вакцинасын алып жатқан жүкті әйелдер, емізулі аналар мен жасөспірімдердің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде эпиджағдай тұрақты. Біз жағдайдың одан әрі жақсарғанын қалаймыз. Дегенмен коронавирустың ешқайда кетпегенін ұмытпаған жөн. Еуропада не болып жатқанын көріп отырсыздар, локдаун жариялап жатыр. Бұл көршіміз - Ресейге де қатысты, сондықтан біз сақтық шараларын күшейте түсуіміз керек. Қазіргі біздің мақсат – вакцина алу қарқынын жетелдету. Процесс жақсы жүріп жатыр, ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді», - деді А. Цой Үкімет үйінде тілшілердің сұрағына жауап бере отыра.

Сондай-ақ министр еліміздегі Pfіzer вакцинасын егу жағдайы мен оның бағасына қатысты пікір білдірді.

«Ақылы түрде Pfіzer вакцинасын аламын деушілерге, баға жуырда белгілі болады. Жалпы қазіргі таңда Pfіzer екпесін алу қарқыны жоспарға сай жүріп жатыр. Жүкті әйелдер, емізулі аналар мен балаларда жеңіл өтуде. Әзірге кері әсері байқалмады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар