+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Алексей Цой өз еркімен отставкаға кете ме – Министр жауабы

2021 жылғы 23 шілде 17:16
Бөлісіңіз:
Алексей Цой өз еркімен отставкаға кете ме – Министр жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз еркімен отставкаға кету туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да дәрігерлер ота жасап, жас ана мен сәбилерінің өмірін сақтап қалды Қарағандының кардио орталығында үш айлық баланың жүрегіне күрделі операция жасалды Алматыда бір тәулікте 7,4 мың адам вакцина алды

«Денсаулық сақтау министрлігі соңғы кездері жиі сынға ұшырап жүр. Сіздің де министр ретінде жауапкершілік арқалайтыныңыз анық. Мұндай жағдайлар қайталана берсе, өз еркіңізбен отставкаға кетуге дайынсыз ба?», - деген сұрақ қойылды министрге Орталық коммуникациялар қызметінде.

Өз кезегінде А. Цой Денсаулық сақтау министрлігі алдында көптеген мәселелер тұрғанын айтты.

«Өкінішке қарай, пандемия жаппай барлығына ықпал етіп жатыр. Министрліктің де бар күші коронавирус инфекциясымен күреске бағытталған. Бүкіл қызметкерлеріміз іс жүзінде тәулік бойы жұмыс істеуде. Егер еліміздің басшылығы басқа мамандарды тартуды дұрыс деп ұйғарса, біз әрдайым дайынбыз. Қазір біз тікелей жұмысымызға кірісіп кеттік, басқасына уақыт жоқ. Біз азаматтарымызды құтқарумен айналысып жатырмыз», - деп жауап берді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT