Алексей Цой мектептерге қойылатын жаңа санитарлық талаптарды жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектептерге қойылатын жаңа санитарлық қағиданы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы 5 тамызда білім беру нысандарына қойылатын жаңа санитариялық-эпидемиологиялық қағида бекітілді. Аталған қағида оқыту форматтарына, тамақтандыруды ұйымдастыруға, корпустардағы, аудиториялардағы, спорт және акт залдарындағы үй-жайлардың толтырылуына, зертханалық, практикалық және студиялық сабақтарға және жатақханалардағы бөлмелердің толтырылуына қатысты талаптарды қамтиды. Мектеп педагогтары мен қызметкерлерін вакциналау аяқталуға жақын. 18 жастағы және одан асқан студенттерді вакциналау басталды. Өңірлік департаменттер өңірлік комиссиялардың құрамында мектепдердің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізіп жатыр», - деді Алексей Цой.

Оның атап өтуінше, қолданыстағы заңнама мен эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мектептерде дәстүрлі оқыту форматына көшу, сауыққаннан кейін үш ай ішінде ауырып жазылған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен персоналды 100 пайыз вакциналау кезінде мүмкін болады.

«Ashyq қосымшасын мектептерге кірген кезде жұқтырған, вакциналанбаған және тәрбиешілер, қызметкерлер мен ата-аналар арасындағы байланыста болған адамдарды бақылау үшін қолданған жөн деп санаймыз. Сондай-ақ барлық қызметкерлер мен білім алушылардың күнделікті таңертеңгі сүзгісін, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды, кабинеттік оқыту жүйесін жоюды, сыныптарды бөлуді және әртүрлі сыныптар үшін үзілістерді бөлуді, асханаларда тамақтануды ұйымдастыруда бақылауды күшейтуді қамтитын санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар