+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Алексей Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды

2020 жылғы 14 қыркүйек 08:53
Бөлісіңіз:
Алексей Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан денсаулық сақтау деңгейі бойынша әлемде 53-орында тұр

Елордадағы 6 қалалық емханаға келген министр ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

«Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршиді. 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-мен ауырған 431 120 адам тіркелді. Оның ішінде 2.5 мыңнан астам науқас зертханалық анықталған тұмауға шалдыққан. Оның 284 033-і немесе 61,4 пайызы 14 жасқа толмаған балалар. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет. Өйткені коронавирус індеті кезінде тұмау да өршуі мүмкін. Сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан биыл елімізде вакцинаны жылдағыдан екі апта бұрын бастадық. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан өткен сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзім бірінші болып екпе салдырдым», - деді Алексей Цой.

Айта кетейік, биыл елімізде егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді. Бірыңғай дестрибьютер халықтың 10 пайыздан астамын тегін вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 2 миллионнан астам дозасын сатып алған.

Тұмауға қарсы вакцинация жергілікті мекенжайы бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүргізіледі. Вакцинация созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балаларға; медициналық қызметкерлерге; жүкті әйелдерге (жүктіліктің 2-3 триместрі); жабық мекемелердегі адамдарға (балалар үйі, үй, интернат); мүгедек ересектер мен созылмалы аурулары бар балаларға және 60 жастан асқан қарт адамдарға жүргізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT