USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алексей Цой коронавирустың таралуы бойынша 3 айға болжам жасады

2021 жылғы 26 қазан 09:23
Бөлісіңіз:
Алексей Цой  коронавирустың таралуы бойынша 3 айға болжам жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы 3 айға арналған коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 245 мың жасөспірім толық вакциналанды Қаңтар оқиғалары омикрон штамының таралуына ықпал етті ме Атырау облысында коронавирус жұқтырған 20 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

«Министрлік алдағы 3 айға арналған коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал болжамын жаңартты. Атап айтқанда, пессимистік сценарий кезінде қарашада орташа тәуліктік тіркелетін жағдай саны 1 800-ге дейін, ал желтоқсанда 2 350-ге дейін жетеді. Нақты сценарийге сәйкес, қарашада 1 650, желтоқсанда 1 600 жағдай тіркелуі ықтимал», - деді министр.

Оның атап өтуінше, оптимистік сценарий кезінде коронавирус жұқтыру жағдайы қараша айында тәулігіне 1 500, ал желтоқсанда 1 100 болуы мүмкін.

«Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге коронавирус инфекциясы бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асырып, мониторинг жүргізуін жалғастырып жатыр», - деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT