Алексей Цой: Коронавирустың репродуктивтік көрсеткішіне қайтадан есептеу жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тамыз айының алғашқы 10 күнінің деректері негізінде коронавирустың репродуктивтік көрсеткішіне қайтадан есептеу жүргізеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 тамыздан бастап статистиканы есепке алу әдісінің өзгеруіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі тамыз айының алғашқы 10 күнінің деректері негізінде репродуктивтік көрсеткішіне қайтадан есептеу жүргізетін болады. Өңірлердегі ахуалды одан ары бағалауды жалғастырамыз. Маска тағу талабы іс жүзінде барлық қазақстандыққа қатысты болды»,- деді министр.

Осы орайда ол маска тағу тиімділігіне қатысты халықаралық тәжірибеге сараптама жүргізілгендігін атап өтті.

«Маска тағудың мультипликативтік әсері 1 айдан кейін вирустың репродуктивтілік деңгейін 4 есе төмендетеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, маска таққан адамның вирус жұқтыру мүмкіндігі 30 пайызға төмен болады. Сол себепті оның 1 айдың ішінде вирус жұқтыру көрсеткіші 300-ден 85 адамға дейін төмендейді», - деді Алексей Цой.

Осыған дейін министр коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайлары 18 пайызға төмендегендігін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар