Алексей Цой коронавирусты анықтайтын жаңа тест туралы сұраққа жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тыныс алу анализаторы көмегімен коронавирусты анықтауға арналған жаңа тестілеуге қатысты ақпаратқа орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бірқатар ақпарат құралы Хельсинкиде (Deep Sensing Algorithms компаниясы) тыныс алу анализаторының көмегімен COVID-19-ды тестілеуге дайындық жүргізіліп жатқанын, тест нәтижесі небәрі 2 минуттың ішінде дайын болатынын жазған еді. Аталған хабарламаға сәйкес, мұндай құрылғы Қазақстан, Нидерланд және АҚШ-та сынақтан өтеді-міс.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәл осы ақпаратқа қатысты пікірін бөлісті.

«Қазіргі уақытта бізге бүкіл әлемнен тестілеудің түрлі әдістері, оның ішінде өздеріңіз атап өткен жаңағы әдіс те түсіп жатыр. Яғни, тестілеудің аталған түрін әзірлеген компаниядан ақпарат келіп жатыр. Әрине, біз оларды мұқият қараймыз. Қазақстан нарығына аталған құрал келіп түскеннен кейін тестілеудің қаншалықты дәл екенін, вирусты анқытау барысындағы жүйелі сипаттамаларының қандай екенін, тестілеудің дәлелденген өзге түрлеріне қарағанда қаншалықты дәл екендігін тексереміз. Содан кейін барып қана Қазақстанда тестілеудің жаңа технологиясы қолданылатынын айта аламыз», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар