+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Алексей Цой коронавируспен күрестің негізгі қадамдарын таныстырды

2020 жылғы 30 маусым 11:36
Бөлісіңіз:
Алексей Цой коронавируспен күрестің негізгі қадамдарын таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус инфекциясымен күрестің қадамдарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейлік дәрігерлер: Кетуге асықпаймыз, біз қазақстандықтарға көмекке келдік Коронавирус кезінде өкпе қалай зақымданады – дәрігер түсіндірді Иммунитетті көтеріп, коронавирустан қалай қорғануға болады - дәрігердің кеңесі

Оның сөзіне қарағанда, министрлік тарапынан тұрғындар тап болған негізгі проблемаға талдау жасалуда.

«Халық пен медициналық қоғамдастықтың алаңдаушылығы пандемияның аяқталуы мерзімінің айқындалмауымен байланысты. Сонымен қатар, қазіргі кезде емдеу мен профилактиканың тиімді әдістерінің болмауы да көпшілікті алаңдатып отыр», - деді А. Цой коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте.

Осы орайда жүргізілген талдау негізінде министрлік халықтың сұранысына әрекет ету бойынша аса маңызды 10 шараны пысықтады.

А. Цой осы негізгі қадамдарды таныстырды:

1. Амбулаторлық деңгейде инфекцияны емдеу туралы қарапайым әрі түсінікті ескертпелер даярлау;

2. Дәрілік заттарды жеткізу мен сатып алу рәсімдерін жылдамдату. Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру;

3. COVID-19-ды диагностикалауда цифрлық рентген-аппараттарды пайдалануды кеңейту жолымен тексеру шараларының қолжетімдігін арттыру;

4.Тестілеу үшін зертханалар қуатын күшейту, тестілерді уақытылы жеткізу;

5. Шақыртулар кезінде мобильдік бригадалармен тестілерді алуды ұйымдастыру;

6. Үйде пациенттер үшін барынша қауіпсіз медициналық көмек көрсету;

7. Амбулаторлық деңгейде консультацияларды қашықтан жүргізуді енгізу;

8. Стационарларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықтау;

9. Жерлеу тәртібін өзгерту;

10. Азаматттардың эпидемиологиялық сақтығын жоғарылату.

«Қоғамдық деңгейде әлеуметтік және жұмыс істеу тәртібін бейімдеу, корпоративтік жауапкершілікті арттыру, ақпараттық технологиялар әлеуетін жүзеге асыру тетіктері енгізіледі», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 29 маусым күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңеске қатысты .

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT