Алексей Цой коронавирус турасында: Елде дүрбелең жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирус инфекциясына қатысты жағдай жақсарғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрліктің іс-қимылы тікелей жағдайды жақсартуға бағытталған. Осы орайда ахуалдың жақсарғанын байқайсыздар. Тұрғындар арасында дүрбелең жоқ екенін көріп отырмыз, дәріханаларда дәрі-дәрмек жеткілікті, сондай-ақ ауруханаларда қосымша орындар жасақталды. Яғни, қажетті шаралар қабылданды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алексей Цой қауіпсіздік талаптары сақталмаса, алдағы уақытта елімізде карантин енгізілуі мүмкін екенін айтты.




Соңғы жаңалықтар