Алексей Цой коронавирус статистикасы жаңаша қалай жүргізілетінін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАпарат – Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой елімізде 1 тамыздан бастап қалай жүргізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүниежүзінде пневмония жұқтыру тенденциясының артқаны байқалады. 1 қаңтардан бері елде 234 187 адам пневмония жұқтырған. Осы жағдай ДДСҰ мән беріп, коронавирус инфециясына ұқсас пневмония жағдайын кодтайтын жеке код шығарды», - деді Алексей Цой 24 kz арнасында берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрі «1 тамыздан бастап статистика қандай болуы мүмкін?» деген сұраққа жауап берді.

«Статистиканы алу үшін белгілі бір уақыт керек. Біріншіден, Қазақстанда бар нормативті талаптарды әзірлеу керек. Екіншіден, ең үлкен мәселе – емхана, стационар, ауылдағы емхана деңгейінде ақпараттық жүйеде бар әрбір медициналық қызметкерді оқыту. Олар кодту дегеннің не екенін, нақты клиникалық белгілерді, басқа да нұсқаларды білуі тиіс. Яғни әрбір медициналық қызметкер пневмонияны қай санатқа жатқызуы керектігін білуі керек. Бұл өте маңызды. Қазір ДДСҰ тренингтері өткізіліп жатыр. Біздің статистер әрбір ақпараттық жүйеге жұмыс жайын түсіндіруде. Әлбетте біз ақпараттық жүйенің бәрін дайындап, кодты өзімізге қоюымыз керек», - деді ол.

Денсаулық сақтау министрі 1 тамыздан бастап тестілеу нәтижесінде анықталған және коронавирус белгілеріне ұқсас пневмония туралы мәлімет көрсетілетінін жеткізді. Сонымен бірге 1 тамыздан бастап елде тіркелген 234 мың пневмония жағдайы аталмыш статистикаға қосылмайтынын жеткізді.

«Біз статистиканы 1 тамыздан бастаймыз. Тіркелген жағдай әр күн сайын анықталған мәліметтер бойынша қосылып отырады», - деді ол.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген болатын. Кейін коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетіні анықталды.
Соңғы жаңалықтар