Алексей Цой коронавирус пневмониясы санының күрт ауытқуын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус пневмониясымен ауырғандар санының күрт ауытқуын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселе үнемі көтеріледі. Статистикалық деректердің ауытқуы апта сайын байқалады. Әсіресе бұл деректер науқастар емхана мен ауруханаларда көптеп тіркелетін демалыс күндеріне көбірек байланысты болады. Емханалар демалыс күні жабылады, тұрғындар медициналық мекемеге жүгіну үшін келесі аптаны күтеді. Көп жағдайда күрт өсім апта басында тіркеледі. Апта соңында бұл көрсеткіш төмендейді. Ең бастысы апта сайынғы көрсеткіштерді салыстыру қажет. Қазір біз бұл көрсеткіштердің төмендеп жатқанын көріп отырмыз», - деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Айта кетейік, өткен тәулікте корнавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 347 оқиғасы тіркелді. Бір адам қайтыс болып, 57 адам жазылып шықты.

Ал 8 қыркүйекте корнавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 450 жағдайы тіркелсе, 7 қыркүйекте – 16 жағдай анықталған.


Соңғы жаңалықтар