+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Алексей Цой коронавирус өршуінің шырқау шегін атады

2021 жылғы 20 сәуір 11:05
Бөлісіңіз:
Алексей Цой коронавирус өршуінің шырқау шегін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус өршуінің шырқау шегі қай уақытқа тап келуі мүмкін екендігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлыбританияда барлық шектеулерді жеңілдету бір айға шегерілді «Ashyq» жобасы әуежайларда, теміржол вокзалдарында енгізіледі Елордада коронавирус қайта өрши бастады

«Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинациялаумен қамтуды ескере отырып, коронавирустың таралуының дамуына болжамды өзектендіреді. Кестеге сәйкес вакцинация жалғасқан жағдайдағы оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін тіркеліп, сәуірдің соңында шырқау шегіне жететіндігі болжанады», - деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, реалистік сценарий жағдайында және вакцинация кестеге сай жүргізілгенде коронавирус жұқтыру тәулігіне 4 мың жағдайға жетіп, шырқау шегі мамыр айының ортасында орын алуы мүмкін.

«Бірінші кезеңде вакцинация тиімділігі иммунитет қалыптасуына уақыт қажет болуына байланысты шектеулі болады. Одан кейін вакцинация әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпалын тигізеді», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT