+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алексей Цой қолдан жасалған өкпені желдету аппаратын пайдаланбауға шақырды

2020 жылғы 9 шілде 14:01
Бөлісіңіз:
Алексей Цой қолдан жасалған өкпені желдету аппаратын пайдаланбауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел тұрғындарын қолдан жасалған өкпені жасанды желдету аппараттарын пайдаланбауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілердегі азаматтардың өз қолдарымен жасап алуға тырысып жатқан әр қилы тәсілдерін көріп отырмыз. Олар түрлі құралдар арқылы тыныс алу қызметтерін жақсартуға тырысады. Қолдан жасалған құрылғыны интернеттен көріп алып, үйлерінде өзінше ем алу үшін жасап алады. Бұл ретте, барынша сақтық таныту қажет», - деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде тілшілердің сауалына орай.

Министрдің түсіндіруінше, аппаратқа құйылатын сұйықтық таза болмай қалса, онда бұл жайт өкпенің түрлі бактериялармен зақымдануына алып келеді.

«Қолдан жасалған мұндай құрылғыларға барынша сақтықпен қараған жөн. Аурудың асқынуына алып келуі мүмкін тәуекел барлық уақытта болады. Өкінішке орай мұндай фактілер тек бізде ғана орын алып отырған жоқ. Сондықтан азаматтарымызды сақтандыруымыз қажет», - деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT