+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Алексей Цой қазақстандықтарды тағы да вакцина алуға шақырды

2021 жылғы 14 қыркүйек 09:44
Бөлісіңіз:
Алексей Цой қазақстандықтарды тағы да вакцина алуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 7,1 млн-нан астам адам вакцинаның 1-компонентін алды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 8,16 млн адам вакцина алды Алматыда вакцинация пунктіндегі пранк: Танымал блогер жазалануы мүмкін Жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алады - Бас еңбек инспекторы

«Халықты вакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінде 1-компонентпен 7,1 млн-нан астам екпе алды. Бұл екпемен қамтылуы тиіс халықтың 71,5 пайызын құрайды. 2-компонент 5,9 млн-нан астам адамға салынып, қамту көрсеткіші 60 пайызға жуықтады. Өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. Вакцина жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Министр вакцинация коронавирус инфекциясының алдын алудың бір ғана жолы екендігін баса айтты.

«Сондықтан қазақстандықтарды вакцина алуға және елімізде ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына өз үлесін қосуға шақырамын»,- деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT