+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алексей Цой: Қазақстан коронавиурс қарқыны бәсеңдеп келе жатқан елдердің қатарында тұр

2021 жылғы 19 қазан 09:56
Бөлісіңіз:
Алексей Цой: Қазақстан коронавиурс қарқыны бәсеңдеп келе жатқан елдердің қатарында тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің 21 елінде коронавирус инфекциясының беті қайтып келеді. Соның ішінде Қазақстанда сырқаттану жағдайының төмендеуі – 17 пайыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Фейк: «Баланы мектепке жібере отырып, ата-аналар оны COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға рұқсат береді» «Омикрон» штамына байланысты дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ- Алмаз Шарман Ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрландыру қалай қаржыландырылады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында осындай дерек келтірді.

«Бүкіл әлемде коронавирус инфекциясының 240 миллионнан астам, тәулігіне 300 мыңға жуық жағдай тіркеліп отыр, 4,9 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағындағы мәліметтері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің 33-інде аурудың өсуі байқалған.

Соңғы 14 күнде аурудың ең көп өсуі Польшада байқалды. Онда сырқаттану деңгейі 122%-дан асқан. Грузияда – 98%, Украинада – 69%, Венгрияда – 50-дан астам, Арменияда - 40%-дан астам, Ресейде-30%, Молдовада – 20%-дан астам, Түркия, Аустрия және Германия, Қырғызстан, Беларусь елдерінде 2-ден 10%- ға дейін өскен», - деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, сырқаттану деңгейінің түсуі 21 елде байқалып отыр.

«Сырқаттану көрсеткіші Израильде 61%, Испанияда 43%, Швейцарияда 39%, Черногорияда 24%, Италияда 22%, Францияда 16%, Әзірбайжанда 7% түскен. Қазақстанда кейінгі екі аптада сырқаттану 17% - ға төмендеді», - деді Денсаулық сақтау министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT