Алексей Цой: Қазақстан коронавируспен ауырған адамдар саны бойынша әлемде 110-орында тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан коронавируспен сырқаттанушылық бойынша әлемнің 222 елі ішінде 110-орында тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде коронавирыстың 270 млн-нан астам жағдайы тіркелген. Ал тәулігіне 400 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 5 млн-нан астам адам қайтыс болды. ДДҰ Еуропалық өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 19 елінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады», - деді Алексей Цой.

Министрдің дерегінше, соңғы 14 күнде Францияда аурудың барынша өсуі байқалды. Онда ауру 100 пайыздан астам, ал Португалияда 50 пайыздан астам, Швецияда 60 пайыздан астам, Италияда 50 пайыз шамасына өсті.

«Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 31 пайызға төмендеді. Әлемдік рейтингте 1 млн тұрғынға шаққанда 222 ел ішінде Қазақстан сырқаттанушылық бойынша 110-орында, өлім-жітім бойынша 102-орында тұр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар