+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Алексей Цой: Қауіпсіздік әдеттері де «жұқпалы» болуы тиіс

2020 жылғы 28 шілде 09:07
Бөлісіңіз:
Алексей Цой: Қауіпсіздік әдеттері де «жұқпалы» болуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қоғамдағы қауіпсіздік пен гигиена шараларын әрі қарай сақтауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда жаңа инфекциялық аурухана салынып жатыр Павлодар облысында бірнеше мектеп оқушысы коронавирус жұқтырып алды Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары 12 қазанға дейін жалғасады

«Бүгінде бүкіл қазақстандық қоғам коронавирустың емес, қауіпсіздік пен салауатты әдеттердің «жұқпалы» болуы үшін барлық шараларды қабылдауы қажет. Ол үшін ең алдымен маскалық режим мен гигиенаны әрі қарай сақтауды қамтамасыз ету қажет. Үйден тыс жерде масканы міндетті түрде тағу – инфекцияның таралуын 30%-ға қысқартады. Сонымен бірге, инфекцияның таралуында қол гигиенасы ерекше рөл атқарады», - деп атап өтті министр бүгінгі Үкімет отырысында.

Осыған байланысты, ең алдымен мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті атқару органдарын тартып, қауіпсіздік белдіктерін міндетті қолдану мысалында маска режимін сақтау үшін де бизнесті бақылау мен жауапкершілікті күшейту қажет.

Екіншіден, барлық қоғамдық орындарда қолды өңдеу үшін санитерлерді орнатуды қамтамасыз ету керек.

Үшіншіден, барлық ақпараттық арналар бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

«Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтық қағидаты сақталуы тиіс: кеңселердің қашықтан жұмыс істеуі (20/80 қатынасында) және оқушылар мен студенттерді қашықтықтан оқыту; Маскалық режимді мен әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкін болмағандықтан, бұқаралық іс-шаралардың барлық түріне тыйым салу; Бизнестің жауапкершілігін арттыру – бақылауды күшейтіп, нысандарды бөліктерге бөлу және адамдардың толып кетпеуін қадағалау керек. Бұл шаралар барлық ақпараттық арналар бойынша насихатталуы қажет», - деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT